​Ливия жағалауындағы танкер жарылысы: кеме қазақстандық мұнайды тасымалдамаған

0
139

Бұған дейін БАҚ-та танкерде қазақстандық мұнай болуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.


​Ливия жағалауындағы танкер жарылысы: кеме қазақстандық мұнайды тасымалдамаған

Фото: Michael van der Meer/MarineTraffic

ERNUR.KZ. Ливия жағалауында 1 миллион баррель мұнай тасымалдайтын Vilamoura танкерінде жарылыс болды. ҚР Энергетика министрлігі борттағы мұнайдың қазақстандық емес екенін мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

Бұған дейін БАҚ-та танкерде қазақстандық мұнай болуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.

Bloomberg жинаған кемелерді қадағалау деректеріне сәйкес, Виламура сәуір айының басында Ресейдің Усть-Луга портына келіп, онда қазақстандық мұнайды тиеген. Мамыр айында танкер Ресейдің Новороссийск портының жанындағы Каспий құбыр консорциумының терминалына да келді, ол негізінен қазақстандық мұнайды жөнелтеді.
Оқиғаға қатысты ҚР Энергетика министрлігі түсінік берді.
- Оқиға Ливия порттарының бірінде соңғы тиеу жүргізілген жеке танкермен болған, оқиға кезінде бортта қазақстандық мұнай болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, -делінген ведомство мәлімдемесінде.
Айта кетейік, қазір танкерді сүйреп Грекияға жеткізуге тырысып жатыр, келгеннен кейін келтірілген шығынды бағалау жүргізіледі.
TMS Tankers оператор компаниясы өкілінің айтуынша, жарылыс салдарынан кеменің машина залын су басқан. Жарылыстың нақты себебі әлі анықталған жоқ. Жарылыс салдарынан қоршаған ортаның ластануы тіркелген жоқ, бүкіл экипаж қауіпсіз.