LRT жүйесінің ашылу рәсімі 16 мамырда өтіп, оған Президент те қатысқан.
Фото: City Transportation Systems
ERNUR.KZ. Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне жаңа атау беріліп, ол «Tarlan Astana» деп аталды. Тиісті қаулыға қала әкімі Жеңіс Қасымбек қол қойды, деп жазады ulysmedia.kz.
LRT жүйесінің ашылу рәсімі 16 мамырда өтіп, оған Президент те қатысқан. 5 маусымда мәслихат отырысында жүйеге жеңіл айтылатын және есте сақтауға ыңғайлы жаңа атау беру мәселесі көтерілді. Ұсынылған нұсқалардың қатарында «Сұңқар», «Лашын», «Құлан», «Аспан», «Тарлан» және басқа да атаулар болған. Комиссия мүшелері бірауыздан «Tarlan Astana» атауын қолдаған.
26 маусымда қала әкімі аталған қаулыға қол қойды.
«Астананың жеңіл рельсті көлік жүйесіне Tarlan Astana атауы берілсін. Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы қажетті шараларды қабылдасын», – делінген құжатта.
Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Есет Байкенге жүктелді.


