Мәдина Әбілқасымова жаңа қызметке тағайындалды.
Мәдина Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдина Әбілқасымова 1978 жылы 1 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
- 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы, 2003 жылы Колумбия университетінің магистратурасын "экономикалық саясатты басқару" мамандығы бойынша, ал 2011 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебін (мемлекеттік басқару магистрі) тәмамдаған.
- 1999-2001 жылдары – Стратегиялық жоспарлау агенттігінің бас маманы;
- 2003-2004 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы;
- 2004-2006 жылдары – "Маркетингтік-талдамалы зерттеулер орталығы" АҚ мемлекеттік саясатты талдау департаментінің директоры;
- 2006-2008 жылдары – ҚР премьер-министрі кеңсесі әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- 2008-2011 жылдары – президент әкімшілігі стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары;
- 2011-2013 жылдары – экономикалық даму және сауда вице-министрі;
- 2012 жылдан бастап Дүнижүзілік банктің Қазақстандағы басқарушысының орынбасары;
- 2013-2014 жылдары – экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
- 2014 жылдың тамызынан 2018 жылдың ақпанына дейін – ұлттық экономика вице-министрі;
- 2018 жылдың 9 ақпанынан 2019 жылдың 25 ақпанына дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды.