Мәдина Сәдуақасова жол апатына түсті (видео)

0
7 033

"Белдік таққанның өзіне бетіме зақым тиді, сол күні жақсы сияқты еді бүгін адам көргісіз…"


Мәдина Сәдуақасова жол апатына түсті (видео)

ERNUR.KZ. Мәдина Сәдуақасова жаяу жүргіншілер алдында көлігін автобус жүргізушінің қағып кеткенін айтты. Оқиғаның қалай болғанын баяндады, деп жазады Stan.kz.

“23 қазан күні өз көлігіммен келе жаттым да, балаларды өткізіп жіберу үшін жүргіншілер жолағында тоқтадым. Осы кезда көлігімді артынан автобус келіп соқты. Балалар қашып үлгеріпті. Ал, мені қаққан егделеу жастағы азамат екен. Өзін жолаушының басқа нәрсеге назар аудартып жібергенін айтып жатыр. Ал, автобуста беті жартылай қанаған қыз тұр."103-ке хабарластым. Диспетчер көп сұрақтар қойды. Қыздың жағдайын айтып едім, оның жасын, есімін, мекен-жайын, апат болған жерді сұрап жатты. “Алдыңыздағы үш аюды көріп тұсыз ба?” деді. Одан кейін онымен инспектор сөйлесті. Диспетчер қыз, сізге көп нәрсе байланысты. Мынадай сұрақтарыңызбен адам өмірін сақтап қала алмауыңыз мүмкін. Ал, полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл қызмет көрсетіп, Жансаяны алып кетті”, – дейді әнші.


Әнші асығыс жүретін автобус жүргізушілері мен жедел жәрдем кезекшілерінің жұмысына сын айтты.

Автобус жүргізушілері, құдай-ау, қайда сонша асығасыздар?! Ең болмаса, өзіңіздің күшті жолыңызбен рахаттанып жүрмейсіз бе… Жолаушылар, жүргізушілердің назарын аудармаңыздар. Ал мен болса, аманмын шүкір, белдік таққанның өзінде бетіме сәл зақым тиді, сол күні жақсы сияқты еді бүгін адам көргісіз… Ең бастысы, бәрі аман, бет жазылар, осындай боп қалмайтын шығар, темір жасалады, бәрі ұмытылады, әрине, бас аман болсын! Бір бірімізге мейірімді болайық, ағайын!”, – деп жазды Мәдина.