Грантқа 23 мыңға жуық адам үміткер болды.
Фото: mirmol.ru
ERNUR.KZ. 2026–2027 оқу жылына арналған магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.
Гранттар кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша кемінде 75 балл, ал бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған талапкерлер конкурсқа қатысты.
Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысты.
Грант иегерлерін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қабылдау 28 тамызға дейін жалғасады.


