Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің қорытындысы шықты

0
898

Тестілеу қорытындысы бойынша 149 қатысушының нәтижесі жойылды.


Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің қорытындысы шықты

ERNUR.KZ. Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді 39 мыңнан астам адам тапсырды, деп жазады sputnik.kz.

Олардың 43%-ы шекті балл жинады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Орташа көрсеткіш – 75 балл. Ең жоғары балл – 132.
"Тестілеу қорытындысы бойынша 149 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 101 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Ал кешенді тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін аудиториядан 41 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.
Кешенді тестілеуге кіргізудің үш деңгейлі жүйесінің арқасында 3 бөгде тұлға анықталды. Сондай-ақ тестілеу бейнежазбаларын қайта тексеру нәтижесінде 4 адамның балы жойылды.
Айта кетері, ереже бұзушылық өткен жылмен салыстырғанда (2023 жылы – 281) шамамен екі есеге азайды.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет. Магистратурада оқуға 13 мың грант бөлінді.