Майқайың кентінде тағы бір төтенше жағдай жарияланды

0
786

1 наурыздан бастап Майқайыңда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.


Майқайың кентінде тағы бір төтенше жағдай жарияланды

ERNUR.KZ. Алтын кеніші маңында пайда болған ойық жақын маңда орналасқан жер үйлерге қауіп төндіруі мүмкін. Қазір мамандар кентте тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

«1 наурыздан бастап Майқайыңда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұған «Майқайыңалтын» АҚ-на қарасты кеніште 4 қаңтар күні пайда болған ойықтың жақын маңдағы үйлерге қауіп төндіру мүмкіндігі себеп болып отыр. Мамандар қазір жер үйлер орналасқан аумақта және оған жақын жерлерде пайда болуы мүмкін жерасты кеңістіктерін, жарықтарды зерттеп жатыр», - деді Ж.Жұмашев.

Еске сала кетейік, бұған дейін құбырдағы ақау бойынша Майқайыңда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған еді.