Майқайыңдағы апат: 21 адам кінәлі деп танылуы мүмкін

0
186

Биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңында топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын.


Майқайыңдағы апат: 21 адам кінәлі деп танылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазір қайғылы апатқа қатысты тексеру, зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлім етті, деп жазады inform.kz.

«Менің білуімше, Майқайыңдағы апатты жағдай бойынша 21 адам кінәлі деп танылған сияқты, нақты айта алмаймыз. Іздеу жұмыстары қалған адамдардың өміріне қауіп келтіргені үшін тоқтатылды. Бірақ, комиссия жұмысын тоқтатқан жоқ, қазір оқиға орнында тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Біз үшін адамның өмірі қымбат. Негізі іздеу жұмыстарымен Төтенше жағдайлар министрлігі шұғылданады, біз комиссия құрамына маман ретінде кіреміз», - деді Төлеген Оспанқұлов 12-і елордада өткен «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік» атты халықаралық конференция барысында Kazinform агенттігі тілшісінің сұрағына жауап бере тұрып.

Еске сала кетейік, биыл 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңында топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын.

Айта кетейік, 15 мамырда Майқайың алтын кенішінде қос құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданды.

Елорда соты алтын кенішіндегі қайғылы оқиға 100% «Майқайыңалтын» АҚ-ның кінәсінен болған деген мәміле жасаған еді.