17 маусым күні 2 ветеринар кешқұрым Маралды ауылынан Үшбұлақ елді мекеніне малға екпе егу үшін шығып, хабарсыз кеткен болатын.
Шығыс Қазақстанның Күршім ауданында малға екпе салуға шығып, жоғалып кеткен ветеринардың денесі судан табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. inform.kz сайтына сілтеме жасап.
17 маусым күні 2 ветеринар кешқұрым Маралды ауылынан Үшбұлақ елді мекеніне малға екпе егу үшін шығып, хабарсыз кеткен болатын. Кейін Маралды ауылынан 5 шақырым жердегі Күршім өзенінің жағасынан ветеринарлар мінген көліктің бөлшектері табылған. Оқиға орнынан 30 шақырым жердегі Қыстау Күршім ауылының маңында құтқарушылар бір ветеринардың денесін өзеннен алып шыққан болатын. Бірнеше күнгі іздеу жұмыстарынан кейін 51 жастағы екінші ветеринардың да денесі судан табылды.
«Осыдан үш күн бұрын судың бетінен ветеринарлар мінген көліктің дөңгегелін байқадық. Көлікті судан шығарғанымызда ішінде адам жоқ болып шықты. Міне, енді марқұмның денесін Қойтас ауылының тұсынан таптық. Бұл маң мен оқиға орнының арасы 58 шақырым» - дейді Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағына қарасты 9-бөлімшенің басшысы Талғат Нұржанов.
Марқұмның денесі туыстарына берілді. Оқиғаның айғақтық заттарын ішкі істер қызметкерлері бақылауына алды.