Әбілқайыр Сқақов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп жазады Ulysmedia.kz.
Мұндай ақпарат алдымен әлеуметтік желіде желдей есіп, артынша МӘМС баспасөз қызметі растады.
«Өзінің қалауымен кетіп жатыр», деп жауап қатты МӘМС баспасөз қызметі Ұлысмедиа тілшісінің сұрағына.
Еске сала кетсек, Әбілқайыр Сқақов ӘМҚК-ны 2023 жылдың күзінен бері басқарып келеді. Өткен жылы Қазақстанда петиция пайда болып, оның авторлары міндетті медициналық сақтандыру жүйесін өзгертуді талап етті.
Жазда аудиторлар міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде көптеген заң бұзушылықтарды, соның ішінде қосарланған төлемдер мен медициналық қызметтердің сапасыздығын хабарлады.