Маңғыстау энергетиктері 90 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілікті

0
775

Қазір күдіктілер Ақтаудағы уақытша ұстау изоляторында.


Маңғыстау энергетиктері 90 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілікті

ERNUR.KZ. «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС мен «AllianceEnergoSnab-Ақтау» ЖШС, «Электр Жүйелері» ЖШС-ның лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады Atameken Business.

Олар 90 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке іліккен, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. Ұсталғандар ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік еткен деген күдікке ілігіп отыр. Маңғыстау облысының экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, олар облыстың электр тұтынушыларынан ақшалай қаражат жинаған кезде 90 миллион теңгедей жымқырып қалған,осылайша мемлекетке залал келтірген.

Қазір күдіктілер Ақтаудағы уақытша ұстау изоляторында.