Маңғыстау облысында автобус 10 жасар қызды қағып кетіп, мерт етті

0
127

Баланы Ақтау-Маңғыстау бағыты бойынша қатынайтын автобус қаққан.


Маңғыстау облысында автобус 10 жасар қызды қағып кетіп, мерт етті

Сурет: Zakon.kz


ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында автобустың қатысуымен жол апаты орын алып, салдарынан 10 жасар қыз қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

Lada.kz аймақтық басылымы өңір полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, қайғылы оқиға 8 шілдеде сағат 17:30 шамасында болғанын хабарлайды.

Баланы Ақтау-Маңғыстау бағыты бойынша қатынайтын автобус қаққан. Қыз бала алған ауыр жарақаттарына байланысты оқиға орнында көз жұмды.

"Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі, яғни "Абайсызда адамның өліміне әкеліп соққан жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Көлік айып тұрағына қойылды", деп хабарлады аймақ полициясы.