Тәртіп сақшылары 24-25 жас аралығындағы алты күдіктіні анықтап ұстады.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы Тәжиев көшесінің бойында екі топ жігіт арасында төбелес шықты. Оқиға 15 шілдеге қараған түні таңғы сағат 03:30 шамасында болған, деп жазады tengrinews.kz.
Тәртіп сақшылары 24-25 жас аралығындағы алты күдіктіні анықтап ұстады.
"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі "Бұзақылық" (атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер) бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімінің соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СЖБ) тіркелді", - деді полиция қызметкерлері.
Жаппай төбелеске қатысушылар үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.