Маңғыстау облысында ойын алаңындағы әткеншек үзіліп, бала жарақат алды

0
323

Ойын алаңы 10 жылдан астам жөндеу көрмеген.


Маңғыстау облысында ойын алаңындағы әткеншек үзіліп, бала жарақат алды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Ақтауда 7-шағынаудандағы 5 үйдің тұрғыны Диана шағым жазған. Оның айтуынша, 30 маусымда үй ауласында ойын алаңындағы әткеншек үзіліп, баласы жарақат алған, деп жазады stan.kz.

Әйел көршілерімен қоса бірнеше рет жергілікті биліктен ескі балалар ойын алаңын жөндеуді сұраған. Алайда шенеуніктер алаңды жөндеуге асықпайды.

"Ұлымның беті көгеріп, сызаттар алған. Абырой болғанда менің ұлым жеңіл жарақатпен құтылды. Ол құлағанда басын не арқасын қоршауға соғуы мүмкін еді. Сол кезде не болар еді?!” – деп әйел ашуланды.

Баланың әткеншектен құлаған сәті видеоға түсіп қалған.

Ойын алаңы 10 жылдан астам жөндеу көрмеген, бұл жағдай қала тұрғындарын алаңдатып отыр.

"Біз бірнеше рет әкімдікке, өзіміздің ПИК-ке шағым түсірдік. Бірақ нәтиже болмады. Бұл оқиғаны ешкім өз мойнына алғысы келмейді, оны жөндеуге де асығар емес", – деді қала тұрғыны.

Әйел балалар алаңын жөндеу жұмыстары көршілерінің күшімен бірнеше рет жүргізілгенін атап өтті.