Маңғыстау облысында жанармай бекетінің маңында көлік жарылды (видео)

0
1 206

Оған көлік ішіндегі газ құрылғысының жарылуы себеп болған.


Маңғыстау облысында жанармай бекетінің маңында көлік жарылды (видео)

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында жанармай бекетінің маңында көлік жарылып кетті, деп жазады tengrinews.kz.

Портал мәліметінше, оқиға 11 желтоқсанда сағат 22:50 шамасында болған. Мұнайлы ауданындағы жанармай бекетінің маңында тұрған жеңіл автокөліктен өрт шыққан. Оған көлік ішіндегі газ құрылғысының жарылуы себеп болған.

Аймақтың ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік өрт сөндірушілер келгенше жарылып кеткен.

"Бұл оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт 23:11-де сөндірілді", - деді ведомстводағылар.

Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған.