Өңір басшысы журналистер сұрағына жауап бере отырып, жалақысы басқа өңірлер әкімінің жалақысынан ерекшеленбейтінін айтты.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қанша жалақы алатынын айтпады, деп жазады Tengrinews.kz.
Өңір басшысы журналистер сұрағына жауап бере отырып, жалақысы басқа өңірлер әкімінің жалақысынан ерекшеленбейтінін айтты.
"Бұл сұрақ көпшілікті қызықтырады. Әріптестерімнің бәрі осы жерде қанша жалақы алатынын айтты. Менің жалақым да олардың жалақысымен сәйкес. Белгілі бір тариф кестесі бар, соған сәйкес жалақы аламын", - деді Нұрлан Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі орташа жалақыны айтқан болатын.