Жер ұзақ уақыт бойы өзінің мақсатына сай пайдаланылмаған.
Бұл туралы Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жер учаскесі кәсіпкерге шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген, деп жазады inbusiness.kz
Сот арқылы жер мәжбүрлі түрде алынып, мемлекет меншігіне қайтарылған.
“ Жер учаскесінің пайдаланылмай жатқаны Маңғыстау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында анықталды. Меншік иесіне жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Бірақ нұсқаманың бір жыл ішінде орындалмауына байланысты, сот шешімімен меншік иесіне әкімшілік айыппұл салынды, – делінген хабарламада.
Департамент жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп қайтару туралы сотқа талап арыз берген. Нәтижесінде Маңғыстау облысының "Отеу-Бақай" жерінде 1000 гектарға жуық жер мемлекеттік меншікке қайтарылды.