Маңғыстауда халықаралық әскери жаттығулар басталды

0
548

Халықаралық "Бірлестік-2024" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы шілденің 8-17 аралығында өтеді.


Маңғыстауда халықаралық әскери жаттығулар басталды

ERNUR.KZ. Ақтауға "Бірлестік-2024" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуына қатысатын Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Тәжікстан елдерінің әскери қызметшілері келді, деп жазады inform.kz.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстауға ат басын тіреген шет елдік әскерилердің бір бөлігі әуе кемесімен, енді бір бөлігі Каспий теңізі арқылы келген.

Халықаралық "Бірлестік-2024" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы шілденің 8-17 аралығында өтеді. Жауынгерлік міндеттерді орындау бойынша біріккен іс-қимылдар "Оймаша" полигонының аумағында сондай - ақ, Қарақия ауданы Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз учаскесінде болады.
Оқу-жаттығу кезінде 5 елдің әскери контингенттері қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап, жүргізеді. Оған 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700 ге жуық қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылмақ.