Маңғыстауда колледж бухгалтері студенттердің шәкіртақысына бөлінген 243 млн теңгені жымқырған

0
162

Ол қаражат шәкіртақыға, іссапарларға арналған.


Маңғыстауда колледж бухгалтері студенттердің шәкіртақысына бөлінген 243 млн теңгені жымқырған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылғаны анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтердің 243 млн теңге көлемінде іссапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аударып, бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

«Осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - делінген прокуратура хабарламасында.