Маңғыстауда "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары ұсталды

0
538

Қазір тергеу жүріп жатыр.


Маңғыстауда

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаевты лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланып, ол ауыр салдарға алып келген күдікпен ұстады, деп жазады zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агнеттігінің 2 маусым күні таратқан мәліметі бойынша, Мәмбетсапаев өз лауазымдық мәртебесін пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірнеше танысын "Өзен Мұнай Газ" АҚ-на заңсыз кіргізген.

Компанияға жұмысқа кіру үшін Жаңаөзен қаласының 9 мыңнан астам тұрғыны кезекте тұрғанын атап өту қажет.

"Таныстарының жұмыссыздар қатарында болмағанын, тиісті мамандыққа біліктілігі сәйкес келмейтінін және жұмысқа мүлдем келмегенін Мәмбетсапаев жақсы білгенін тергеу анықтады".Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Мәмбетсапаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 46 млн теңгеден астам залал келтіріліп, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға орналасуына көзделген құқықтарын өрескел бұзылуына әкеп соққан.

"Тергеу Бауыржан Мәмбетсапаевтың басқа да заңсыз әрекеттерін, компанияның лауазымды тұлғалардың және мердігер мекемелердің, бюджеттік қаражатты жымқыру фактілерін тексеріп жатыр".Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті

Қазір тергеу жүріп жатыр.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды.