Маңғыстауда вахтада жұмыс істейтін адамдар мінген автобус апатқа ұшырады

0
406

Көлік жүргізушісі жол ережесін бұзып, жауапқа тартылған.


Маңғыстауда вахтада жұмыс істейтін адамдар мінген автобус апатқа ұшырады

Фото: Kazinform

ERNUR.KZ. Оқиға Қаражанбас-Қаратұрын тас жолында болды. Мұнай өндірушілерге қызмет көрсететін компания қызметкерлерін Қаратұрын кен орнына жұмысқа алып бара жатқан автобус жылқыны соғып, апатқа ұшыраған, деп жазады inform.kz.

Оқиғаның салдарынан төрт адам түрлі дене жарақатын алды. Оның бірінің екі аяғы сынып, Ақтау қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлік жүргізушісі жол ережесін бұзып, жауапқа тартылған. Сараптамалар тағайындалған. Соның нәтижесіне қарай, жүргізушіні қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады.

- Қазіргі таңда жылқының иесі іздестіріп жатыр. Оның кім екені анықталғаннан кейін ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу дерегі бойынша мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - делінген хабарламада.