Марат Сұлтанғазиев АЭС салынатын ауылды аралап көрді

0
345

​Соңғы санақ бойынша, Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылында 1500 адам тұрады.


Марат Сұлтанғазиев АЭС салынатын ауылды аралап көрді

Фото: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты

ERNUR.KZ. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев алғашқы АЭС салынатын Үлкен ауылын аралап көрді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылының әлеуметтік инфрақұрылымымен танысып, тұрғындармен кездескен көрінеді.

«Сапардың маңызды бөлігі – Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жоспарланған аумақпен танысу болды. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас облыс әкіміне жер телімінің сипаттамаларын таныстырып, стратегиялық жобаны іске асыру перспективаларын көрсетті», - деп жазады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Марат Сұлтанғазиев АЭС салып, оны одан әрі дұрыс пайдалану үшін Үлкен ауылында Индустриалды аймақ құруды тапсырған.