Машинист далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы пойызға мінгізіп алды

0
133

Бұл туралы ол пойыз диспетчеріне хабарлады.


Машинист далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы пойызға мінгізіп алды

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Жетісу облысында жүк пойызының машинисі теміржол маңында жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап, оны локомотив кабинасына мінгізіп алған, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 20 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында Сарыөзек – Үштөбе учаскесінің Тауарасы – Айнабұлақ аралығында болған.
"Пойыз шамамен 38 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Машинист қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына мінгізіп алды. Бұл туралы ол пойыз диспетчеріне хабарлады", - деп жазылған хабарламада.
Баланың амандығына көз жеткізгеннен кейін оны Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырған. Станция қызметкері баланың ата-анасымен байланысқан.