Маскадан құрт шықты: Желіде тараған видео жұртты дүрліктірді

0
2 785

ДСМ ресми өкілі Қазақстандағы медициналық маскалардың қауіпсіз екенін айтты.


Маскадан құрт шықты: Желіде тараған видео жұртты дүрліктірді

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар блогерлер медициналық масканы микроскоппен тексерген роликтерді талқылауда. Желі қолданушылары масканы қайнаған судың үстіне қойғанда, ол жерде көрінген затты паразиттер немесе моргеллон құрттар болуы мүмкін екенін айтады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Алайда, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев бұл хабарламаны жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 231-бабының 2-тармағына сәйкес, ҚР аумағында дәрілік заттар өндіруді Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасына (GMP) сәйкес және ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған лицензия негізінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер жүзеге асырады. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер дәрілік заттарды өндіру кезінде тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарын сақтауға міндетті», – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Комитет өкілі Қазақстандағы медициналық маскалардың сертификатталғанын және қауіпсіз екенін айтып, онда құрттар мен басқа бөгде заттар жоқ екенін жеткізді.