Мәскеу кәсіпорындары Қазақстанға экспортты 15%-ға арттырды

0
135

2024 жылдың қорытындысы бойынша Мәскеудің тату елдерге жеткізілімінің 17%-ға жуығы Беларуське, 15%-ы Қазақстанға жіберілді.


Мәскеу кәсіпорындары Қазақстанға экспортты 15%-ға арттырды

фото:

ERNUR.KZ. 2024 жылдың қорытындысы бойынша мәскеулік кәсіпорындардың ТМД елдері нарықтарына жеткізілімдері 2023 жылғы мәліметтермен салыстырғанда 15%-дан астам деңгейге, сонымен қатар Қазақстанға да 15%-ға артты, деп жазады sputnik.kz.
"Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің тапсырмасы бойынша қала ТМД елдерімен сауда ынтымақтастығын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Мәкеудің тату елдерге жеткізілімінің 17%-ға жуығы Беларуське, 15%-ы Қазақстанға жіберілді, ал Өзбекстанның үлесі Мәскеудің шикізаттық емес экспортының жалпы көлемінің 4%-ын құрады", - деді Мәскеу қаласы мэрінің көлік және өнеркәсіп жөніндегі орынбасары Максим Ликсутов.
2023 жылмен салыстырғанда Мәскеудің Беларуське экспорты 11%-ға өсті. Мәскеу кәсіпорындары ол елге негізінен құрылыс, жеңіл және фармацевтика өнеркәсібі өнімдерін жеткізеді. Сонымен қатар, Беларусьте Мәскеуде жасалған радиоэлектроника мен радиолокациялық қондырғылар сұранысқа ие.
Мәскеу кәсіпорындарының Қазақстанға жеткізілімі 15%-ға өсті. Экспортталатын тауарлардың ішінде мәскеулік тұрмыстық химия, жеке гигиена құралдары, шашқа арналған өнімдер, косметика өнімдері, сондай-ақ шұжық пен кондитерлік өнімдер сияқты азық-түлік бар.
Мәскеудің Өзбекстанға экспорт көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға дерлік өсті. Мәскеулік дәрі-дәрмектен, азық-түлік және косметикадан бөлек Өзбекстанда темір жол машина жасау өнімдері мен төмен вольтты электр тарату құрылғылары да сұранысқа ие.
Мәскеу өнімін сыртқы нарықта ілгерілету мақсатында 2019 жылы "Мәскеу өнеркәсібі" экспортты, өнеркәсіпті және инвестициялық қызметті қолдау орталығы құрылды. Мұнда байерлік бағдарлама қолдау көрсетудің ең танымал құралдарының бірі болып саналады. Ол компанияларға B2B және B2G форматындағы кездесулер өтетін халықаралық салалық көрмелер мен іскерлік миссияларға қатысуға мүмкіндік береді.
"Мәскеу өнеркәсібі" экспортты қолдау орталығының мамандары мәскеулік өнеркәсіп мамандарын сыртқы экономикалық қызметтің барлық кезеңінде қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, қазірдің өзінде 2025 жылға дейін Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Арменияға іскерлік миссиялар, сондай-ақ Өзбекстандағы ірі өнеркәсіптік көрмелердің біріне мәскеулік кәсіпорындардың қатысуын ұйымдастыру жоспарланған. Бұл қолдау шаралары Мәскеу өнеркәсіп өнімдерін шетелге экспорттауды ынталандыруға бағытталған", - деді Мәскеу үкіметінің министрі, инвестициялық және өнеркәсіптік саясат департаментінің басшысы Анатолий Гарбузов.
Ресейдің бас қаласындағы кәсіпорындар үшін "Мәскеу өнеркәсібі" орталығының қолдау құралдары жаңа нарықтарға шығуға, экспортталатын өнім түрлерін кеңейтуге, серіктестік орнатуға және инвестиция тартуға жол ашады.
Мәскеулік экспорттаушыларға мемлекет те белсенді түрде көмектеседі. Себебі, Ресейдің "Халықаралық кооперация және экспорт" ұлттық жобасы ақпараттық, қаржылық, сақтандыру және логистикалық қолдаудың тұтас кешені болып табылады. Ресейлік ұлттық жоба аясында "Менің экспортым" цифрлық платформасы жұмыс істейді, онда кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. Мысалы, ол жерден тегін сарапшылық кеңестер, аналитика, халықаралық маркетплейстерге өнімдерді шығару бойынша көмек алуға, сондай-ақ онлайн оқуға және тағы басқа қолдау құралдарын алуға болады.