Мәскеуде міндетті маска тағу режимі алып тасталды

0
617

Мәскеу мэрінің жарлығы бойынша, белгіленген кәсіпорындар мен ұйымдарда міндетті шектеу шаралары алып тасталады: жұмысшылардың дене қызуын үнемі өлшеу, жұмыс орындарын бөлу және т.б.


Мәскеуде міндетті маска тағу режимі алып тасталды

ERNUR.KZ. Мәскеу мэрі Сергей Собянин маска тағу режимін алып тастады. Шектеу шарасы 15 наурыздан бастап жойылады, деп жазады Tengrinews.kz.

"Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты түрде жақсаруы көптен күткен шешімді қабылдауға мүмкіндік берді. Сейсенбі, 2022 жылдың 15 наурызынан бастап маска тағу талаптарын алып тастаймыз", - деп жазды ол өз блогында.

Сонымен қатар, Мәскеу мэрінің жарлығы бойынша, белгіленген кәсіпорындар мен ұйымдарда міндетті шектеу шаралары алып тасталады: жұмысшылардың дене қызуын үнемі өлшеу, жұмыс орындарын бөлу және т.б.

"Қазіргі жағдайда бұл шешім қатаң санкциялық қысымға ұшыраған бизнеске қолдау болады", - деді Собянин.