Сапар 10 желтоқсанда өтеді.
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
ERNUR.KZ. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ватиканға жұмыс сапарымен барып, Рим куриясының өкілдерімен кездеседі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық брифингіде айтты, деп жазады inform.kz.
Сапар 10 желтоқсанда өтеді. Іссапар аясында Палата спикері Рим папасы Лео XIV қабылдауында болады және конфессияаралық диалог тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысады.
Сонымен бірге, Мәулен Әшімбаев Дінаралық диалог жөніндегі дикастерия префектісі Джордж Джейкоб Кувакармен жүздесіп, Папа Францисктың қабіріне гүл қояды. Бұдан бөлек, бағдарламада Мальта орденінің Ұлы магистрі Фра Джон Данлоппен екіжақты қатынастар тарихындағы алғашқы кездесу жоспарланған.
– Сапар қорытындысы бойынша Мальта орденімен гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қою көзделген, – деді СІМ ресми өкілі.


