Маусымның соңғы күні ауа райы қандай болады

0
634

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.


Маусымның соңғы күні ауа райы қандай болады

ERNUR.KZ. Синоптиктер 30 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Zakon.kz.


"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында күн жауын-шашынсыз.

"Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді. Еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында бұршақ жауады, солтүстікте, түнде және таңертең шығыста тұман, оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл соғады"."Қазгидромет" РМК



Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +22+24°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің күші секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +33+35°С.