Мәжіліс депутатының өкілеттігі тоқтатылды

0
621

​Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болған Смағұлов 2016 жылдың 24 наурызында мәжіліс депутаты атанған.


Мәжіліс депутатының өкілеттігі тоқтатылды

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп жазады sputniknews.kz.

Асылбек Смағұлов 16 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

Осыған байланысты мәжілістің жалпы отырысында оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды.

Төменгі палата депутаттары тиісті қаулыны қолдап дауыс берді.

Асылбек Смағұлов 2016 жылдың 24 наурызынан VI шақырылымдағы мәжілістің депутаты болған еді. Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып қызмет етті.

Асылбек Смағұлов туралы не білеміз

Асылбек Смағұлов 1970 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Нұра кеңшарында дүниеге келген.

Заң ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1987 жылы жұмысшы ретінде бастаған.

Ол әр жылдары ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 2000-2012 жылдары – доцент, қылмыстық құқық және криминология кафедрасының меңгерушісі, академия бастығының ғылыми-зерттеу жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қазақстан қаржы полициясы академиясының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру жөніндегі орынбасары болған.

2012-2016 жылдар аралығында Қазақстанның заң шығару институтын басқарды.