"Мәжіліс сайлауы әділ өтті ме?": Жаңадан сайланған депутат Нартай Аралбайұлы пікір білдірді

0
431

Сонымен қатар депутат сайлау кезінде әлеуметтік желіде таралған видеоларға қатысты ойын айтты.


ERNUR.KZ. Парламент мәжілісінің жаңадан сайланған депутаты Нартай Аралбайұлы мәжіліс пен мәслихат сайлауының әділ өтті ме деген сауалға пікір білдірді, деп жазады stan.kz.

“Сайлау әділ өтті ме, жоқ па деген пікірге баға беру ерте. Өйткені тексеріс жүргізіліп жатыр. Ол туралы Бас прокуратура айтқан еді. Сондықтан алдағы уақытта құзырлы орындарға арыз-шағымдар түскен болса, түсіп те жатыр менің естуім бойынша. Сол бойынша шешімдер қабылданады. Сол кезде құқықтық баға беріледі”, - деді депутат Нартай Аралбайұлы.

Сонымен қатар депутат сайлау кезінде әлеуметтік желіде таралған видеоларға қатысты ойын айтты.

“Әлеуметтік желідегі видеоларды көрдім. Егер ол рас болса сорақы дүние. Бірақ біз білеміз ғой, мен де сіздердің әріптестеріңізбін түрлі-түрлі фактчекинг жасалмаса, бұрыңғы видеолардың да салынып кететінін көреміз. Ол бар мәселе. Сондықтан анық-қанығына құзырлы органдар көз жеткізуі керек деп санаймын. Егер де заңсыздық орын алса соған жауапты адамдар қатаң жазалануы керек. Сайлауға адал келген адамдар да бар. Олардың еңбегінің барлығын жоққа шығаруға болмайды. Менің адал келіп-келмегенімді алдағы уақытта халық өзінің бағасын береді деп ойлаймын”, - деді Нартай Аралбайұлы.