McDonald's-ты "жерлеп" тастаған Қостанай тұрғыны ұсталды – полиция

0
872

Қостанай тұрғыны мұндай әрекетке досымен бәстескеннен кейін барғанын айтқан.


McDonald's-ты

Қостанай полицейлері жабылып қалған McDonald's мейрамханасының ғимаратына азагүл әкеліп қойған ер адамды ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай тұрғыны мұндай әрекетке досымен бәстескеннен кейін барғанын айтқан. McDonald 's-ты "жерлеп" тастаған тұрғынға тәртіп сақшылары "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
"Соңғы процессуалдық шешімді сот қабылдайды", - деп түсіндірді полиция басқармасы.
Бұл аздай, ұсталған азамат жол қозғалысы ережесін бұзған. Ол үшін де әкімшілік жауапқа тартылды.
Айта кетері, 5 қаңтардан бастап "Food Solutions KZ" ЖШС басқаратын жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі McDonald's бренді жұмысын тоқтатты.