ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылғы 16 ақпанда сағат 15.00-де 2-топтағы мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру бойынша нарықтың дайындығын талдау нәтижелерін жария түрде талқылау өткізеді.

"Кеңеске Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық ұйымдар, оның ішінде кәсіптік медициналық қауымдастықтар, жеке медициналық ұйымдар және басқа мүдделі тұлғалар шақырылды", -делінген ведомство таратқан мәліметте.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру бойынша іс-шаралар Ұлт жоспарының 97-қадамын орындау, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің шешім қабылдау процессіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырылуда.
Кеңес Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, Министрлік үйі, 5-кіреберіс, 1036-конференц-залында 2018 жылғы 16 ақпанда өтеді.