Мекенжай бойынша тіркелуге қажетті құжаттар тізімі қысқарды

0
1 730

Мүлік иесіне оның баспанасында тіркелген азаматтар тізімі берілген мекенжай анықтамасының формасы бекітіледі.


Мекенжай бойынша тіркелуге қажетті құжаттар тізімі қысқарды

Қазақстанда мекенжай бойынша тіркелу үшін бірқатар құжаттар енді қажет емес, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үкіметтің қаулысына сәйкес мекенжай бойынша уақытша тіркелу тәртібі мен шарттары жеңілдетіледі. Мүлік иесіне оның баспанасында тіркелген азаматтар тізімі берілген мекенжай анықтамасының формасы бекітіледі.

Енді мекенжай бойынша тіркелген кезде баспананың құқық белгілеуші құжаттары мен тіркелу үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртек көрсетудің қажеті жоқ.

Анықтама ХҚКО-да немесе "электронды үкімет порталында" тегін беріледі.