Мектеп оқушылары арасында «Таза энергетика» сурет байқауы бастау алды

0
95

Құжаттарды қабылдау 2024ж 6 қазанына дейін жалғасады.


Мектеп оқушылары арасында «Таза энергетика» сурет байқауы бастау алды

ERNUR.KZ. Республикалық мектеп оқушылары арасында «Таза энергетика» сурет байқауы бастау алды.

Құжаттарды қабылдау 2024ж 6 қазанына дейін жалғасады. Жұмыстар келесі жас санаттары бойынша қарастырылады:

• 1 санат - 1 сыныптан 4 сыныпқа дейін;
• 2 санат - 5 сыныптан 8 сыныпқа дейін;
• 3 санат - 9 сыныптан 11 сыныпқа дейін.
Шығармашылық жұмыстар сапалы цифрландырылуы тиіс және «Таза энергетика» тақырыбына сай болуы керек.
Бір қатысушы бірнеше шығармашалықы жұмыс ұсына алады- әр жұмыс бөлек бағаланатын болады.
Шығармашылық жұмыстарды кез-келген техникада жасауға болады (тушь, май, гуашь, акварель, пастель, түрлі- түсті карандаштар, қалам, компьютерлік графика және т.б). Байқауға қатысу үшін қосымша өтінім толтыру қажет. Өтінімді және щығармашылық жұмысты zhasulann2020@gmail.com электронды поштасына «Таза энергетика» сурет байқауы тақырыбымен жіберуі қажет.
Өтінім үлгісі:
1. Аты жөні;
2. Туған жылы/күні/айы;
3. Елдімекен (ауыл, аудан, қала, облыс) толық жазылу қажет;
4. Электрондық поштасы;
5. Қосымша байланыс телефоны (негізгі телефонға хабарласу мүмкін болмаған жағдайда).

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8 775 764 8747 нөміріне хабарласуға болады.