"Мектеп оқушыларына вакциналау мәжбүрлі түрде жүргізілмейді": Білім басқармасы түсініктеме берді

0
555

Вакцина алған жүкті әйелдер енді босану алдында ПТР тестін тапсырмайды.


ERNUR.KZ. Сонымен қатар Pfizer вакцинасын алған әйелдерден туған балалар тұмаудан қорғалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде айтылды, деп жазады Stan.kz.

Мәліметтерге сүйенсек, антиденелер ана сүтімен балаға беріліп, алты ай бойы белсенді болады. Жаңа туған нәрестелерді COVID-19-дан қорғай ма, жоқ па, әлі зерттелген жоқ.

“Жүкті әйелдер арасында вакциналаудың жоғары тиімділігін көрсететін бақылауларымыз бен зерттеулеріміз бар және өңірлер бойынша жүкті әйелдердің инфекциясы 40-тан 50 пайызға дейін төмендейді, ал кейіннен вакцина алған аналардан туған балаларда ауру 20-40 пайызға төмендейді. Жекелеген өңірлерде 20 пайыз, басқаларында 40 пайыз”, – дейді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева.

Дәрігерлер вакцинаның ұрыққа әсерін жоққа шығарды. Ал ақпараттандырылған жазбаша келісімге тек жүкті әйелдің өзі қол қояды. Күйеуінен және басқа туыстарынан келісім талап етілмейді.

Жанама әсерлер болмауы керек дейді дәрігерлер.

Pfizer вакцинасы елге қай күні келетіні туралы хабарланған жоқ, тек осы аптаның соңына дейін келетіні белгілі.

Білім және ғылым министрлігі балаларды ата-анасының рұқсатынсыз вакциналауға мәжбүрлемейтінін айтты.

“Мектептерде балаларды мәжбүрлі түрде вакциналау жүргізілмейді. Мектеп балаларға білім береді, әлеуметтенуге көмектеседі. Ата-аналардың келісімінсіз вакциналау туралы сөз болмайды. Қазақстандықтардан мәжбүрлі вакциналау туралы жалған жаңалықтарға сенбеуін сұраймыз”, – деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің басқарма басшысы Самал Қадырова.