Үй жағдайында кез-келген әйел жасай алады.
фото: ru.pinterest.com
Күз, қыс мезгілдерінде ауа-райының суық болғандығынан және әсіресе үй шаруасындағы әйелдердің тұрмыстық-химиялық заттармен байланысы көп болатындықтан, оның да қол терісіне кері әсері болады.
Қолымыз жарылып, күстеніп, құрғап кететіні ыдыс жууға арналған гельдер, кір жууға арналған ұнтақтар, тағы да басқа тазартушы құралдардың құрамындағы химиялық заттардың әсері.
Сондықтан, құрғап, жарылған, әжімденген қол терісінің зақымдануын жою үшін осы масканы жасап көріңіз. Үй жағдайында кез-келген әйел жасай алады.
Ол үшін бізге қажетті зәйтүн майы. Зәйтүн майының құрамындағы Е дәрумені мен антиоксиданттар теріге әжімнің түсуін болдырмайды және жасартатын қасиетке ие. Теріні құрғақтықтан және дермотиттен қорғайды және сақтайды.
Міндетті түрде осы масканы жасап көріңіздер, көп ұзамай-ақ нәтижесін көресіздер.
Зәйтүн майы+лимон шырыны
Бізге зәйтүн майынан 1 ас қасық қажет. Шағын ыдысқа құйып алған соң, үстінен 1 ас қасық лимон шырынын қосып, жақсылап араластырыңыз. Өте оңай жасалады. Енді осы араласпаны таза жуылған қолыңызға мақта дискісімен немесе дәкемен сұйықтыққа батырып алып, қолыңызға сүртесіз.
10 минуттан соң, жылы сумен жуып тастаңыз. Артынан міндетті түрде қолға арналған кремді жағып қойсаңыз, қолдарыңыз жібектей жұмсақ, теріңіз балғын болып шыға келеді.

фото: www.sorsfordito.hu
Ас содасы+авокадо майы
Бізге керегі әр үйден табылатын қарапайым ас содасынан 1 шай қасық. Шағын ыдысқа 1 шай қасық ас содасын салып, үстінен 1 шай қасық авокадо майын қосыңыз. Авокадо майы кез келген дәріханада сатылады. Егер бұл майдың орнына кәдімгі өсімдік майын да қолдануға болады. Зәйтүн майы да қоспаның орнын алмастыра алады. Екі өнімді жақсылап араластырып, тазартылып жуылған қолыңызға жағыңыз. Жай ғана жағып қоймай, жұмсақ қимылмен массаж жасаңыз.
Бұл теріңізді жақсартып қана қоймай, қан айналымын реттейді, көңіл-күйіңіздің көтерілуіне ықпал етеді. Қолыңыздың жарылғаны кетіп, теріңіз жұмсақ, нәзік бола бастайды.
Бұл қоспаны қолыңызға жаққан соң, 5 минуттай массаж жасаңыз. Одан соң, қолыңызды жылы сумен жуып тастайсыз. Қолыңыз майлы болып тұруы мүмкін, бірақ ештеңе етпейді, шамалы уақыттан соң өздігінен кетеді. Бұл маска өте қарапайым болса да нәтижесі керемет.
Сондай-ақ, қолыңызды ыстық сумен жууға әуестенбеңіз. Ыстық су терінің майын шайып, оны құрғақ әрі қатқыл етеді. Қолыңызды жылы сумен жуыңыз. Аязды, суық күндері қолғап киіп жүріңіз. Ультракүлгін сәулелері де теріні құрғақ етеді және тері жасушаларын бұзады, сондықтан күннен қорғанатын кремдер жағып жүріңіз.
Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,
Тағы да оқыңыз:


