Мектеп оқушысын ұрған инспектор жұмыстан шығарылды

0
1 289

Жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор ішкі істер органдары қатарынан жұмыстан босатылды


Мектеп оқушысын ұрған инспектор жұмыстан шығарылды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде №2 орта мектеп оқушысына қол көтерген инспектор жұмыссыз қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

«№2 орта мектеп ата-аналарының арызы бойынша ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы тексеру жүргізіп, жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор С.Ермағамбетовты ішкі істер органдары қатарынан жұмыстан босату туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Ақтөбе қалалық ІІБ-ның Елек полиция бөлімінің басшысы қатаң тәртіптік жазаға тартылады»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 22 қыркүйек күні спорттық киіммен жүрген оқушыны мектеп инспекторы ұрып тастаған еді. Кеше оқушының анасы арыз жазып, шара қолдануды сұрағанын мәлімдеді.