Мектеп пәндерін біріктіру реформасы тоқтатылды

0
78

Жұлдыз Сүлейменова бұл мәселені мұғалімдермен талқылағанын айтты.


Мектеп пәндерін біріктіру реформасы тоқтатылды

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп пәндерін біріктіру реформасының тоқтатылғанын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Былтыр министрліктің алқасында үш пән – физика, химия мен биологияны "Жаратылыстану ғылымдарына", алгебра мен геометрияны "Математикаға", ал дүниежүзілік тарих пен құқық негіздерін "Әлеуметтік ғылымдарға" біріктіруге шешім шығарылған болатын. Алайда бұл реформа тоқтатылатын болды.
"Иә, бұл реформа тоқтатылды. Біздіңше, іргелі ғылымдар бөлек оқытылуы шарт. Бұл жерде мұғалімдерге түсетін жүктеме мәселесі де бар. Біз бәрін мұғалімдермен талқыладық, талдау жасадық. Балаларымыз цифрлық әлемде іргелі пәндерді жақсы білсін деп, бұл реформаны тоқтатып қойдық", - деді Сүлейменова үкіметте өткен брифингте.