Мектеп психологтары мен сынып жетекшілері дайындық курсынан өтеді

0
2 291

Қазіргі таңда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, қызметкерлердің санаттарын және болашақта алатын жалақысын есептеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Мектеп психологтары мен сынып жетекшілері дайындық курсынан өтеді

ERNUR.KZ. Алдағы уақытта 144 мыңнан астам педагог қайта даярлау курсынан өтеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Білім саласының төмен жалақы алатын қызметкерлерінің жалақысын сараланған түрде 30 пайызға дейін көтеру мәселесі қарастырылып отыр. Бұл ретте ең алдымен еден жуушы, сантехник, электрик, күзетші сынды техникалық қызметкердің, сонымен қатар тәрбиеші, олардың көмекшісі, балабақшалар мен колледждердің психологтары сынды қызметкерлердің жалақысы қаралады. Қазіргі таңда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, қызметкерлердің санаттарын және болашақта алатын жалақысын есептеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», - деді министр.

Сонымен қатар, ол білім саласында ең алдымен мұғалімдердің біліктілігін, кәсіби шеберлігін арттыру қажеттігін баса айтты.

«2012 жылдан бері Елбасының, Үкіметтің тарапынан мүғалімдердің кәсіптілігін, шеберлігін арттыру үшін үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Болашақта да 144 мыңнан астам педагогикалық қызметкер қайта даярлау курсынан өтеді. Биыл алғаш рет мектеп психологтарын және сынып жетекшілерін дайындық курсынан өткізуді жоспарлап отырмыз. Қазір оқу бағдарламасы әзірленіп, дайындалып жатыр»,- деді Күләш Шәмшидинова.