Мектепте жараланған оқушы: директор мен орынбасарлары қатаң сөгіс алды

0
1 122

Директордың оқу ісі және шаруашылық жөніндегі орынбасарлары мен тәрбиешіге қатаң сөгіс берілді.


Мектепте жараланған оқушы: директор мен орынбасарлары қатаң сөгіс алды

ERNUR.КZ. Ақтөбеде оқушы мектепте жараланып, директор мен оның орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбедегі Бестамақ орта мектебінде мектепалды даярлық тобында оқып жүрген 6 жасар Ибрахим жараланып, ата-анасы әлеуметтік желі арқылы көмек сұраған болатын. Дәрігерлер баланы қайта қарап, Алға аудандық ауруханасына жатқызды.

«Ақтөбе облыстық білім басқармасы қазір болған оқиғаға байланысты тексеруді бастады. Ибрахим Тайлановтың мектепте жараланғаны белгілі болды. Қазір оқушы ауруханада ем қабылдап жатыр. Директордың оқу ісі және шаруашылық жөніндегі орынбасарлары мен тәрбиешіге қатаң сөгіс берілді. Алға аудандық білім бөлімі Бестамақ орта мектебінің директорына қатаң сөгіс жариялады», - деп хабарлады облыстық білім басқармасы.