Мектептегі сейфті бұзып, қару ұрлаған ер адам сотталды

0
99

Ол сейфті бұзып, Калашников автоматын, екі Байкал пневматикалық мылтығын және бір пневматикалық мылтығын жасырын түрде алып шыққан.


Мектептегі сейфті бұзып, қару ұрлаған ер адам сотталды

фото: Sputnik / Рамиль Ситдиков

ERNUR.KZ. Ақмола облысында мектеп ғимаратынан оқу-жаттығуға арналған қаруды ұрлағаны үшін үкім шығарылды, деп жазады sputnik.kz.

Қылмыс 2024 жылы Буланды ауданының Макинск қаласында жасалған.
Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың 19 шілдесінде мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жергілікті тұрғын металл сейфтен оқу-жаттығуға арналған қаруды ұрлап кеткен.
"Ол сейфті бұзып, Калашников автоматын, екі Байкал пневматикалық мылтығын және бір пневматикалық мылтығын жасырын түрде алып шыққан. Жалпы шығын 300 000 теңгеден асты", - деп жазылған хабарламада.
Ер адам ұрланған қаруды ғимараттың терезесінен алып шыққан.
Ұрлықты анықтағаннан кейін мектеп әкімшілігі полицияға хабарласқан. Тергеу операциясы барысында полиция күдіктіні анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды өтемақы ретінде төледі.
Буланды аудандық соты ер адамды кінәлі деп тапты. Оған пробациялық бақылаумен үш жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім бірқатар шектеуді қамтиды, олардың сақталуы бақыланады. Сонымен қатар ол жазасын өтеу мерзімінде жылына 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Бірақ қоғамдық жұмыстардың уақыты күніне төрт сағаттан аспауы тиіс.