Биыл елімізде 3,9 млн-ға жуық мектеп жасындағы бала бар, оның ішінде 1,7 млн бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Оқу-ағарту министрлігінің басшысы Ғани Бейсембаевпен бірге елордалық №95 мектеп-лицейіне барып, оқушылардың денсаулығын сақтаудың бірқатар мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ведомство басшылары мектеп асханасын аралап, санитариялық-гигиеналық тамақ дайындау кезінде нормалардың сақталуымен танысты, қызметкерлермен және оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесті. Сондай-ақ мектеп рационының тағамдық құндылығын, қауіпсіздігін, құнарлылығын, әртүрлілігін ескере отырып, оны жақсарту жолдары талқыланды.
Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі мектептегі тамақтану стандарттарын қайта қарауда, балалар организмінің физикалық және психикалық дамуына пайдалы болатын бірыңғай мәзір әзірленеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Биыл елімізде 3,9 млн-ға жуық мектеп жасындағы бала бар, оның ішінде 1,7 млн бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
Кездесу барысында айтылған екінші маңызды тақырып – 1000-нан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық кабинеттерді ашу. Бүгінгі таңда 6 өңірде 98 кабинет жұмыс істейді, онда дантисттер қабылдау жүргізеді. Одан әрі «Сау тіспен болашаққа» жобасы шеңберінде мектеп жасындағы барлық балаларды стоматологиялық аурулардың профилактикасымен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Мәселелердің үшінші блогы психологиялық көмек деңгейіне, әсіресе жасөспірім кезеңіне қатысты. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін мамандардың біліктілігі мәселесін көтерді. Мектеп психологтары үшін оқыту курстарын өткізу қажет деген пікірін айтты.
Бұдан әрі мектеп медицинасы жүйесіндегі мейіргерлердің рөлін күшейту, медициналық кабинеттердің жабдықталуына және орта медициналық персоналды даярлауға тиісті көңіл бөлу қажеттігі атап өтілді. Бүгінде республикада қыздарды АПВ-ға қарсы жоспарлы вакцинациялауды қоса алғанда, негізгі профилактикалық жұмыс жүргізілетін 5 мыңнан астам мектепте медициналық пункттер бар.
Денсаулық сақтау министрі педагогикалық және ата-аналар жұртшылығын барлық мүдделі тараптарды тарта отырып, тамақтану, дене белсенділігінің үздік стандарттарын енгізе, оқу процесінде эргономикалық жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оқушыларды сауықтыру жөніндегі жұмысқа белсенді қатысуға шақырды.
Оқу-ағарту министрлігіндегі әріптестермен бірге мектепке бару қорытындысы бойынша мектептер мен балабақшаларда балалар үшін саламатты және жайлы орта құру бойынша ең маңызды міндеттер мен нақты қадамдар талқыланды.