Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тиісті шаралар мен арнайы тұжырымдамаларды қабылдады.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Соңғы жылдары мемлекет азаматтық қоғам ұйымдарын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Президент өз сөзінде ел экономикасының дамуын күшейту мақсатында саясатты жаңғырту, сол арқылы осындай азаматтық қоғам ұйымдары мен азаматтық секторды көбірек тарту мақсатын алға қойды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тиісті шаралар мен арнайы тұжырымдамаларды қабылдады. Осыған байланысты, қойылған мақсаттарға жету үшін 2022 жылы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі іске асыратын «ҮЕҰ Академиясы» әлеуметтік жобасы өз жұмысын бастады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өте тез дамып келеді. Егер бұған дейін олардың саны 500-ге жуық болса, сарапшылардың бағалауы бойынша қазір олар 25000-ға жуық. Бұл кез келген ел үшін, әсіресе азаматтық қоғам және азаматтық жауапкершілік ұғымы енді қалыптаса бастаған Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш. Осылайша, ҮЕҰ өкілдерінің құзыреттілік деңгейін арттыру туралы мәселе ақпараттың аздығынан, қоғамдық ұйымның әлеуметтік міндеттерін қалай дұрыс дамыту және іске асыру қажеттігінен, мұқтаждарға көмек көрсету мақсатында ұйымға инвестицияларды қалай тартуды білмегендіктен, құқықтық және қаржылық сауатсыздық кесірінен өткір болды. Тамаша идеялар мен мақсаттары бар көптеген ҮЕҰ «бір күндік» болды.
Осыған байланысты, ҮЕҰ академиясының сарапшылар тобы 2022 жылы мәселерге талдау жүргізіп, 6 базалық бағыт бойынша оқу жоспарын әзірледі:
1. ҮЕҰ ұйымдық-институционалдық даму факультеті.
2. Жобалық менеджмент факультеті.
3. Қаржы менеджменті факультеті.
4. ҮЕҰ басшыларына арналған коммерциялық емес сектордағы менеджмент курсы.
5. Азаматтық секторға арналған жаттықтырушылар курсы.6. «Өрелі ұрпақ» әлеуметтік кәсіпкерлік онлайн мектебі.
Айта кетейік, ҮЕҰ-ның барлық өкілдері үшін оқыту Қазақстанның барлық өңірлері үшін тыңдаушыларға ыңғайлы форматта (онлайн/офлайн) мүлдем ТЕГІН жүргізіледі және.
Бүгінгі таңда жоба өз қызметін табысты жалғастыруда. 2023 жылдың мамыр айының ортасында «ҮЕҰ Академиясы» жобасы аясында «ҮЕҰ ұйымдық-институционалдық даму» факультеті өз оқуын бастайды. Бұл курс өз қызметін жаңадан бастаған ҮЕҰ-ның барлық өкілдері үшін, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу жолын таңдап, оларды қалай сапалы және тиімді жүзеге асыруды білмейтіндер үшін өте пайдалы және маңызды болады.
ҮЕҰ академиясы оқуға қатысқысы келетіндердің барлығын өз курстарында күтеді. Байланыс үшін:
жоба менеджері Пак Светлана +7 747 847 1970
жоба үйлестірушісі Сүйесінова Нұржамал +7 775 851 6615
https://www.instagram.com/academy_npo