Президент жеделхатында екі ел ынтымақтастығы оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады.
Президент жеделхатында екі ел ынтымақтастығы оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, жан-жақты серіктестікті кеңейту жолында тараптардың күш-жігер жұмылдыра беретініне сенім білдірді.