Зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Мемлекет басшысы Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, осы елдің Премьер-министріне және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.
Сонымен қатар зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.