Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады

0
159

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті.


Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ Президент білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді уақтылы шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, нақты міндеттер жүктеді.