Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіндегі жаңа лауазымды бекітті

0
1 368

Арнайы өкіл Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.


Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіндегі жаңа лауазымды бекітті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкіл туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруды, мемлекеттiк билiк органдарының сыртқы саясат саласындағы қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды және Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiленген тәртiппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Арнаулы өкілді Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Арнайы өкіл Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.