Қазақстан аймақтық және және жаһандық үдерістерге белсене қатысатын мемлекетке айналды - Тоқаев.
ERNUR.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде шекараны бекітуге атсалысқан диипломаттар мемлекеттік нагрдалармен марапатталатынын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бұл басқосу тәуелсіздігіміздің мерейлі 30 жылдығы қарсаңында өтуде. Осы тарихи межеге біз толағай табыспен жетіп отырмыз.
Қазақстан аймақтық және және жаһандық үдерістерге белсене қатысатын мемлекетке айналды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сыртқы саясатымыздың негізін қалады. Оның тікелей басшылығымен кәсіби дипломатиялық қызмет құрылып, ауқымды сыртқы саяси міндеттер шешімін тапты», - деген Мемлекет басшысы әсіресе мемлекеттік шекараны толық бекітілуі теңдессіз жетістік болғанын атады.
«Бұл мемлекетіміздің қауіпсіздігіні күшейтуге айрықша ықпал еткен шешімге айналды. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның қабылдануы – тағы бір айтулы жетіcтік. Бұған қол жеткізу үшін 20 жыл бойы табанды жұмыс атқарылды. Келіссөздерге қатысқан қызметкерлердің еңбегін еліміз жоғары бағалайды. Мен оларды мемлекеттік наградалармен марапаттайтын болдым», - деді Президент.