Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімін қабылдады

0
1 209

Президент Шымкент төңірегін инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді жүргізу аса маңызды екенін айтты.


Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановты қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған кездесуде Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және қалаға қосылған аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жайында баяндады. Сондай-ақ, қабылдау барысында Президентке Шымкент қаласын дамытудың үшжылдық жоспары ұсынылды.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкіміне қала төңірегін электр қуаты, газ, ауызсу және жол секілді қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді жүргізу аса маңызды екенін айтты.