Мемлекет басшысы Тимур Құлыбаевты қабылдады

0
785

Президент бизнесті жаңа бастаған кәсіпкерлерді жаппай оқытуды ұйымдастыру қажеттігін айтты.


Мемлекет басшысы Тимур Құлыбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Ұлттық палатаның қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары, сондай-ақ, кәсіпкерлерді қолдау жөнінде қабылданып жатқан нақты шаралар туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі микро және шағын бизнесті дамытып, кәсіпкерліктің осы категориясы үшін салықтан босату жүйесін тиімді пайдалану маңызды екеніне баса назар аударды.

Президент шағын бизнестің ауқымын арттыру мақсатында жаңа бастаған кәсіпкерлерді жаппай оқытуды ұйымдастыру қажет деп есептейді.